Төртүй ауылдық кітапханасында «Қолөнер – сырлы өнер» атты шеберлік сағаты өтті.
Шара барысында қатысушылар өздері жасаған қолөнер бұйымдарын – ленталар мен бисерден жасалған жұмыстарын көрсетіп, бір-бірімен бөлісті. Сонымен қатар қатысушыларға гүл жасаудың әдіс-тәсілдері көрсетіліп, оны қалай жасау керектігі кезең-кезеңімен түсіндірілді. Шара аясында тақырыпқа сай әзірленген кітап көрмесімен таныстырып, ондағы «Большая книга рукоделий» кітабы қатысушылар арасында ерекше қызығушылығын тудырды. Сол кітап арқылы қатысушылар түрлі тоқу мен қолөнер тәсілдерімен танысты. Бұл іс-шара балаларға ерекше көңіл күй сыйлап, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырды.