Тай ауылдық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ескі әндерді еске аламыз» тақырыбында шара өтті.
Шара барысында кітапханашы сазгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы баяндама жасап, әндерінің шығу тарихына тоқталды. Одан әрі қатысушылар назарына Шәмшінің өмірі мен өнер жолын бейнелейтін кітаптардан жасақталған кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, қатысушылар сазгердің ел арасында кең таралған әндерін орындап, кештің әсерін арттыра түсті.