Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Адамзаттың ақыны – Абай» атты мәнерлеп оқу кеші болып өтті.
Рухани мазмұны зор бұл шараға әртүрлі жастағы оқырмандар - ең кішкентай бүлдіршіндерден бастап жасы үлкен адамдарға дейін белсене қатысып, ұлы ақынның даналыққа толы жырларын мәнерлеп оқыды. Қатысушылар Абайдың өлеңдерін тебірене оқып, көрермендерге терең толғаныс пен рухани серпіліс сыйлады.
Ұлттық әдебиетіміздің темірқазығына айналған Абай мұрасын ұлықтауға, оны заманауи ұрпаққа кеңінен танытуға бағытталған тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.