№4 қалалық кітапхана қызметкерлері «Оқымпаз алаңқай» жазғы акция аясында дауыстап оқу шарасын өткізді.
Шара аясында балалар жазушысы В.Осееваның «Волшебное слово» атты әңгімесі дауыстап оқылды. Іс-шараның басында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтті. Кітапханашы кітапқа енген бірнеше әңгімелерін оқып, кітаптағы түрлі қызықты иллюстрациялары бүлдіршіндер назарына ұсынылды. Сондай-ақ, бүлдіршіндер оқылған әңгімелер бойынша сұрақтарға белсене жауап берді.
Шара бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, көркем әдебиет арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуге бағытталды.