«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері «Ою-өрнек өнері» тақырыбында өнер сағатын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі ою-өрнектерінің түрлері мен олардың мән-мағынасы туралы мол мағлұмат алды. Одан әрі кештің арнайы қонағы, кітапхананың тұрақты оқырманы және «Бірлік» клубының мүшесі К. Идирисова жас ұрпаққа ұлттық ою-өрнек жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, шағын шеберлік сынып өткізді. Одан әрі қатысушылар ою түрлерін танып, өз бетінше ою қиюға кірісті. Сондай-ақ, қатысушыларда қалыс қалмай, өздері бисерден, моншақтан жасаған бұйымдарын көрсетіп, шеберліктерін ортаға салды.
Шара соңында кітапханашы тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.