Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай «Бабаларымның тілі өшпеуі керек» тақырыбында тарихи кеш өткізді.
Бұл шараға №16 ЖОМ жанындағы жазғы лагердің балалары қатысты. Шара барысында тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жасалды. Сондай-ақ, қазақ хандығының құрылуы, қазақ хандары мен билері туралы мағлұмат беріп, бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар ел, жер, отан туралы өлеңдер оқылды.