«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Шиқылдақ ауылдық кітапхана қызметкері 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қаласы тарих, даласы дастан» атты тарихи сағат ұйымдастырды.
Шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Кітапханашы қатысушыларға 1930–1950 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың себеп-салдары туралы тың деректер мен мағлұматтар ұсынды. Аталған кезеңде қазақ халқы бастан кешкен қайғылы оқиғалар, сталиндік репрессияның зардаптары, жазықсыз жапа шеккен зиялы қауым өкілдері мен қарапайым халықтың тағдыры туралы жан-жақты айтылды. Іс-шара барысында сол кезеңнің көрінісін бейнелейтін деректі бейнебаян көрсетілді. Бейнематериал көрермендерге үлкен әсер қалдырды.
Кітапханашы кітап көрмемен таныстырып, шолу жасады. Көрмеде қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар туралы жазылған кітаптар, тарихи анықтамалықтар, деректі құжаттар мен естеліктер топтастырылды. Қатысушылар көрмеге үлкен қызығушылық танытып, ұсынылған әдебиеттермен жақынырақ танысты.