«Кешкі кітапхана» жобасы аясында №3 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Үш бәйтерек – үш ғұмыр» атты кеш өткізді.
Шараға №12 ЖОМ 11-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында мұңға толы тарихи парақтарға тоқталып, жазықсыз жазаланғандар туралы мәлімет беріліп, бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ, қазақтың үш алып тұлғасы - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Қатысушылар тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметі, әдеби мұрасы, репрессияның құрбаны болған трагедиялық тағдыры туралы мәліметпен танысты.
Шара соңында тақырыпқа сай жасақталған кітап көрме ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды.