Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері қазақтың халық ақыны, әнші, композитор Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Арқалы ақын» атты әдеби кеш өткізді.
Шараның мақсаты – ақынның бай мұрасын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру.
Бұл шараға №28 ЖОМ 5 «Ә» сынып оқушылары шақырылды.
Әдеби кеш барысында қазақтың көрнекті ақыны Иса Байзақовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мазмұнды баяндама жасалып, бейнебаян көрсетілді. Одан әрі оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында кітапханашы тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.