Марғұлан ауылдық кітапханасында Аналар күніне орай «Ана нұры – махаббат нұры» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шараның алдына қойған мақсаты – анаға деген шексіз сүйіспеншілік пен құрметті насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу. Шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Қатысушылар ананың қоғамдағы рөлі, оның бала тәрбиесіндегі орны, сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі ана образы жайында пікір алмасты. Іс-шара барысында жыр шумақтары оқылып, әннен шашу шашылды. Қатысушылар арасында әйелдер практикумы өткізілді.