Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Бозшакөл ауылдық кітапханасының қызметкері «Ұрпақтар ұмытпайтын - Ұлы жеңіс» атты тарихи сағат өткізді.
Шараға ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етілді. Одан әрі Ұлы Жеңістің тарихи маңызы, Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктері жайлы баяндалды. Сондай-ақ, патриоттық өлеңдер оқылып, әскери әндер орындалды.
Шара соңында «Ұлы Жеңіске 80 жыл» атты кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізілді.