Төртүй ауылдық кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Біз біргеміз, берік іргеміз» атауымен іс-шара болып өтті. Шараның мақсаты - балалар мен жасөспірімдер арасында бірлік, достық және татулық құндылықтарын насихаттау болды.
Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды мерекемен құттықтап, мерекенің тарихына тоқталып өтті. Одан әрі қатысушылар татулық пен ынтымақтың маңызын қағаз бетіне бейнелеп, қиялдарына ерік берді. Әрбір қатысушы шара тақырыбына сай өз ойларын қылқаламмен өрнектеп, түрлі ұлт өкілін бір тудың астына біріктірген көпұлтты Қазақстанның келбетін айшықтады.