Төртүй ауылдық кітапханасының қызметкері «Екібастұз жалпы орта білім беру мектебі» КММ-іне қарасты бюджеттік интернат тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тақырыптық сағат өткізді.
Бұл шара жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, жастарды мамандық таңдауға баулу және еңбек нарығындағы қажеттіліктерді түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кітапханашы жастарды жұмысшы мамандықтары туралы кеңінен ақпараттандырып, олардың болашақта осы салада жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті. Одан әрі оқушылар мамандықтар жайлы пікір алмасты. Сондай-ақ жастардың қызығушылығын арттыратын және болашақта мамандық таңдауына септігін тигізетін кітапхана қорына тиесілі әдебиеттермен таныстырып, библиографиялық шолу жүргізді.