«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында №4 қалалық кітапхана қызметкерлері №26 гимназия-мектебінде көрнекті ақын, сан қырлы талант иесі Жұмекен Нәжімеденовтің «Жыр жұлдызы – Жұмекен» тақырыбында поэзия сағатын өткізді.
Шара шымылдығы Жұмекен Нәжімеденовтің «Поэзия» өлеңімен ашылды. Кітапханашы ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы кеңінен таныстырып, оқырмандарға рухани құнды мағлұмат берді. Оқушылар ақынның «Отан», «Біз өзіміз», «Ғұмыр ертегісі», «Таулар мен төбелер», «Күзгі жайлау» өлеңдерін мәнерлеп оқып, Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған Әнұранды ерекше толғаныспен орындады. Шара соңында кітапханашы кітап қорындағы ақынның кітаптарымен таныстырып өтті.
Іс-шара оқырмандарға рухани серпіліс сыйлап, ұлттық поэзияға деген қызығушылықтарын арттыра түсті.