Құлакөл ауылдық кітапханасында дат ертегішісі Г.Х. Андерсеннің 220 жылдығына арналған «В гости к сказочнику» атты таңғажайып отырыс шарасы болып өтті. Іс-шараға ауыл мектебінің 1-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, «Ұсқынсыз үйрек балапаны», «Түймеқыз» атты танымал ертегілермен таныстырып өтті. Сонымен қатар, жазушының ертегілері бойынша викторина ұйымдастырылып, өздері оқыған ертегілерімен бөлісті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті.