Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – салт дәстүрі» атты мерекелік кеш болып өтті.
Кітапханашы қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы мәлімет беріп өтті. Одан әрі салт-дәстүрді дәріптеп, «Бесіке салу» рәсімі көрсетілді. Ата-әжелер ән-жырдан шашу шашып, ақсақалдар ақ батасын беріп, жиналған қауымға ізгі тілектерін арнады. Сондай-ақ балалар Наурыз туралы тақпақтарды жатқа айтып, «Асық ату», «Қол күресі» қазақтың ұлттық ойындарына белсене қатысты. Кітапхана төрінде қазақтың ақ дастарханы жайылып, наурыз көже мен дәстүрлі тағамдар ұсынылып, қонақтарға сый-сыяпат көрсетілді. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған бұл кеш кент тұрғындары үшін ерекше әсерлі болды.