«Кешкі кітапхана» жобасы аясында №3 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері «Жеңіс» клубы мүшелерінің қатысуымен «Шахмат ойнаймыз, біз әрине жеңеміз» атты шахмат турнирін өткізді.
Шара барысында шахмат ойынының пайда болу тарихы туралы мәлімет берілді. Одан әрі қатысушылар шахмат ойнау шеберліктерін көрсетті. Турнир барысында шахмат ойнаудың пайдасы - ақыл-ойды дамыту, есте сақтау қабілетін жақсарту, стратегиялық ойлауға және қиындықтарды жеңуге үйрету және т.б. жайында ой толғап, пікір алмасты.
Турнир өте қызықты да тартысты өтті.