«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында орталық қалалық кітапхана қызметкерлері «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі қабырғасында «Көркем сөздің зергері» атты әдеби кеш өткізді.
Әдеби шара барысында «Бір ел – бір кітап» акциясына тоқталып, проза жанрындағы ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығының ерекшелігі, өмір деректері, жазу шеберлігі туралы баяндалды. Тәкен Әлімқұловтың көп жыл бойы жинап-терген еңбегінің жемісі – қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев туралы жазылған «Жұмбақ жан» зерттеу еңбегі оқушылардың қызығушылығын оятты. Сондай-ақ жазушы шығармашылығын жоғары белеске көтеріп, даралайтын тақырыптардың бірі – дәстүрлі күй өнері мен қазақтың ұлы күйшілері Қорқыт, Сүгір, Ықылас жайлы қалам тербеп, әр кездері жазылған «Сейтек сарыны», «Сарыжайлау», «Көк қаршыға», «Қара ой» сынды еңбектері қазақ әдебиетінің баға жетпес мұрасы екені атап айтылды. Сондай-ақ қаламгердің алғашқы «Ақбоз атқа» романына ерекше баса назар аударып, кейіпкерлер туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар оқушылар Аружан Дарханқызы мен Диса Жақсылық ақынның «Көкшетау», «Тағдыр толғауы» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Шара соңында жазушының ктаптарына шолу жасалды.