Наурыз мерекесіне орай №3 кітапхана - коммуникациялар орталығының қызметкерлері «Өнер» ҚМС бірлесіп №12 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» атты әдеби-танымдық кеш өткізді.
Іс-шара келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтау сөзімен бастау алып, мерекенің шығу төркіні, тарихи және мәдени мәні, әр елде түрліше өткізілуі, ұлттық салт-дәстүрін тілге тиек етті. Одан әрі «Өнер» ҚМС әдіскері Айгүл Шынбергенқызы Жыңғылбаева өз қолынан туындаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп таныстырып өтті. Сондай-ақ «Тұмар» вокалдық тобы «Домбыра» күйі, «Батырлар ұраны» әндерінен шашу шашса, «Қамажай» вокалдық тобы «Әз-Наурыз», «Ел аман болсын» әндерін шырқап кештің көркін қыздырды. Сонымен қатар кітапханашы шараға арнайы жасақталған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жасады.