№4 қалалық кітапхана қызметкерлері С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебі қабырғасында Қазақстанның халық ақыны Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жүрегі жырдан жаралған» тақырыбында поэзия сағатын өткізді.
Шара барысында ақынның шығармашылығы, ұлттық поэзиямызды әлемдік биік деңгейге көтерген, көркемсөз шеберінің өзгеше бітімі мен өрісті поэзиялық әлемі жайында әңгіме өрбіді. Одан әрі Т. Молдағалиевтың «Құстар қайтып барады» әнінің тарихына жеке тоқталып, ән шырқалды. Сондай-ақ оқушылар ақынның «Домбыра», «Бала күннің достары», «Туған жерге», «Әкеммен әңгіме», «Жаным ана» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар мектеп ұстазы Гүлбаршын Арқалыққызы да «Ана тілі» өлеңін нақышына келтіре оқып берді.
Шара соңында кітапханашы кітап қорындағы қаламгердің шығармаларымен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.