Ақкөл ауылдық кітапханасында Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты әдеби-сазды сағат болып өтті.
Шара барысында кітапханашы қатысушыларды мерекемен құттықтап, мерекенің шығу тарихы, тарихта таңба қалдырған әйгілі әйелдер туралы баяндады. Шара аясында Г.Абылайхан, Е.Қадыр, А. Ғабит, Я. Дауытхан «Ана» туралы әсерлі әндерден шашу шашып, шараның көркін қыздырды. Сонымен қатар М. Мақатаевтың «Әйелдер – ай» өлеңі оқылды. Сондай-ақ күн тәртібіне сай жасақталған кітап көрмеге шолу жасалды.
Бұл шара қатысушыларға ерекше эмоция сыйлап, қыз бала мен әйелдердің болмысын биіктететін, тұлғалық ерекшеліктерін айқындайтын тәрбиелі шара болды.