№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Қыз көлеңке» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге қаламыздың жас ақыны Аигүл Шынбергенқызы шақырылды.
Кездесу барысында жастар ақының өмірі мен шығармашылығы жайлы, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ №18 ЖОМ-нің 10«А» сынып оқушылары Қ. Жаңбыртаева «Наурыз шашу», Инабат Наурызхан «Бақыт арманы» өлендерін жатқа оқып берді. Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары ақын шығармаларының көркемдік шеберлігіне дән ризашылығын білдіріп, рухани кешті ұйымдастыруға мұрындық болған №3 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Кеш соңына дейін тапжылмай отырғандығынан-ақ жас тыңдармандардың поэзияға деген махаббатын аңғаруға болды. Бұл, әрине қуантарлық жағдай.