Алғыс айту күні қарсаңында орталық қалалық кітапханада «Алғыс айту парызым» тақырыбында кездесу өтті. Шараға «Полония» этномәдени бірлестігінің төрағасы А.И. Ясинский арнайы шақырылды.
Іс-шара барысында кітапханашы мерекенің шығу тарихы, дәстүр мен мәдениеті, Қазақстан халқы Ассамблеяның құрылуы мен даму тарихы, қызметі мен жетістіктері, ұлттар арасындағы татулық пен ынтымақтастығы туралы мәлімет беріп өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның тарихында депортацияланған халықтар туралы бейнебаян ұсынылды.
Сөз кезегін «Полония» этномәдени бірлестігінің төрағасы А.И. Ясинский алып, өз отбасының Павлодар облысына қоныс аударуы жайлы естеліктерімен бөлісіп, Екібастұз қаласындағы «Достық үйі», поляк орталығының құрылу тарихы жайында сөз қозғады.