№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1155 жылдығына орай «Шығыс халқының дәуірлік тұлғасы» атты портрет кеші болып өтті. Шараға №11 ЖОМ оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі жолы мен шығармашылық мұрасының маңыздылығын тілге тиек етті. Одан әрі кеш қатысушыларының назарына бейнебаян ұсынылды. Қатысушылар Әл-Фарабидің нақыл сөздерін оқып, онда көтерілген мәселелер қазіргі таңда да маңыздылығын жоймайтын құнды дүние екендігі талқылады. Шара соңында ғұлама ойшылдың еңбектеріне толы кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.