№4 қалалық кітапхана қызметкерлері ИнЕУ Жоғары Екібастұз колледжінің 4-курс студенттерінің қатысуымен талантты әнші, Кереку өңірінің тумасы Майра Шамсутдинованың туғанына 135 жыл толуына орай «Талайды тамсандырған әнші Майра» тақырыбында өнер сағатын өткізді.
Шара барысында кітапханашы Майра Шамсутдинованың өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, «Майра Шамсутдинова деректі фильм», «Майра Шамсутдинова. Проект известной личности» атты бейнетаспалар көрсетіліп, «Майра», «Бақша» әндері тындалды.
Шара тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмені таныстыруымен аяқталды.