№18 ЖОМ кітапханасында №3 кітапхана-коммуникациялар орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік қазақ елі» атты тарихи танымдық кеші болып өтті.
Шара барысында кітапханашы Л.Б.Омарова Керей мен Жәнібек бастаған қазақ мемлекеттігі мен алғашқы хандықтың құрылуы кезінде ата-бабаларымыздың басынан кешкен батыл іс-әрекеттері туралы әңгімеледі. Одан әрі мектеп кітапханашысы С.Т. Тасбулатова қазақ хандығының тарихына тоқталып өтті. Бұдан кейін қатысушылар «Қазақ хандығы» тақырыбында сұрақтарға белсене жауап берді. Іс-шара қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты ең маңызды деректі де құнды мәліметтер беретін кітаптарға шолу жасаумен өз мәресіне жетті.