Солнечный кентінің №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Ұлтым үшін ұлы күн» атты тарихи сағат болып өтті.
Іс-шараға №28 ЖОМ 5-сынып оқушылары, «Бірлік» клубының мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Шара әнұранды орындауымен бастау алды. Кітапханашылар қос тілде Тәуелсіздік күнінің тарихымен, Желтоқсан көтерілісі жайлы ақпарат беріп, Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткендердің ерліктері жайлы деректі бейнебаян ұсынды. Одан әрі «Бірлік» әжелер клубының мүшелері К.Садыкова, З.Ахмедова сөз алып, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері туралы әңгімеледі. Клуб мүшесі К.Едирисова Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың «Ақтық сөзі» өлеңін оқыса, ал Г.Михнова өз қаламынан туған «Тәуелсіздік» атты өлеңін тарту етті. Сондай-ақ мектеп оқушылары Жәмилә Жақсыбай, Іңкәр Ерзал, Қасым Бағыбек, Салауат Азет, Сымбат Базарбай тәуелсіздік жырларын тебірене оқып берді.
Шара соңында кітапхана қызметкері тақырыпқа сай әзірленген кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.