Елімізде ағымдағы жылдың 25 қараша мен 13 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Осы тұста Солнечный кентінің №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында «Менің отбасылық құндылықтарым» атты тақырыптық сағат болып өтті.
Шараға №28 ЖОМ-нің 9-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы отбасылық тәрбие, отбасылық құндылықтар мен қазіргі қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесі жайлы мағлұмат беріп өтті. Одан әрі қатысушылар зорлық-зомбылық тақырыбында ойларын ортаға салып, отбасы құндылықтары жайлы өз түсініктерін жеткізуге тырысты.