Майқайың ауылдық кітапханасында Республика күніне орай «Қазақ елі менің - Отаным» атты кеш болып өтті.
Аталмыш кеш кешке жиылған қауымның туған жерін, елін сүюді, патриоттық сезімдерін оятуды мақсат етті.
Шара барысында кітапханашы аталмыш мерекенің тарихы, маңыздылығы жайлы мәлімет беріп өтті. Одан әрі қатысушылар өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін білдіріп, ойларын ортаға салды. Оқырман И. Жанғазин Астана қаласының көрікті жерлері туралы айтса, ал А.Сапарғали Қазақстан әлемге несімен танымал екенін баяндады.
Шара соңында тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге библиографиялық шолу жүргізді.