Еліміздің басты мерекелерінің бірі - Республика күні қарсаңында орталық қалалық кітапхана қабырғасында жастар мәслихатының төрағасы А.М.Шегебаеваның, сондай-ақ №10 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі К.К.Сеитовтың қатысуымен «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем!» тақырыбында диалог алаңы болып өтті.
Іс-шара әнұранды орындауымен басталып, кітапханашылар шараға жиылған қонақтарды Республика күні мерекесімен құттықтады. Одан әрі мерекенің тарихы туралы қысқаша мәлімдеме беріп, бейнебаян ұсынды. Диалог алаңы аясында жастар мәслихатының төрағасы А.М. Шегебаева және тарих пәнінің мұғалімі К.К. Сейітов сөз алып, ал мектеп оқушылары патриотизмді қалай түсінетінін, олар үшін Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүру нені білдіретіні туралы өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ қатысушылар тақырыпқа сай дайындалған сұрақ-жауап ойндарына белсене қатысты.
Шара соңында кітапханашы кітап көрмеге шолу жасап, Ж.Мәлікұлының «Елтаңба» кітабына ерекше тоқталып өтті.