Солнечный кентінің №6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай «Ата - әулеттің тірегі, әже - ұрпақтың жүрегі» тақырыбында қазыналы қарттармен кездесу кешін ұйымдастырды.
Іс-шара кітапхана қызметкерлерінің қарияларды құттықтау сөздерімен бастау алды. Одан әрі №28 ЖОМ-нің оқушылары Нұрғали Карина мен Милананың орындауында «Анамның тілі» және «Бұлбұлым» әнін шырқап, ал Жиенше Назерке «Ерке сылқым» күйін шертіп кештің сәнін келтірді. Шара барысында қарттар бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтып, ән шырқап, би биледі. Сондай-ақ, қонақтардың көңілін көтеріп, қызықты ойындар ойнатылды.
Шара соңында кітапхана қызметкерлері кеш қонақтарына алғыстарын білдірді.