№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында 1 қазан - Қарттар күніне орай «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» атты рухани кездесу болып өтті.
Кеш шымылдығын жүргізуші құттықтау сөзімен ашып, бүгінгі жүздесуге арнайы келгендеріне ризашылығын жеткізді. Одан әрі жүргізуші рухани тәлім – тәрбие маңызының рөліне тоқталып өтті. Сондай-ақ, кітапханашылар А.Б.Куспекова мен Н.А. Досымханова балаға берілетін адамгершілік тәрбие және адами құндылықтың маңызына байланысты ой қозғап, бұл жайында қатысушылар пікірлерін ортаға салды. Кештің екінші бөлімі дастархан басында жалғасып, қарт оқырмандар ән шырқап, кітапханашыларға ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдірді.