№6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері №28 ЖОМ қабырғасында Абай күніне орай «Абайды оқы, таңырқа» атты поэзиялық кеш өткізді. Бұл шараға «Екібастұз қ. энгергетик ардагерлер» қоғамының, «Бірлік» клубының мүшелері, №28 ЖОМ ұстаздары және кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шара барысында кітапханашы Абай атамыздың ғұмырнамасымен, сондай-ақ шығармашылығы туралы екі тілде мағлұмат беріп өтті. «Бірлік» клубының мүшесі Г.И.Ахмедова ақынның поэзиясы және қара сөздері жайлы сөз қозғаса, С.С.Асқаров Абайдың өмірі һәм қызметі жайлы әңгімеледі. Оқырман Г.Идерисова «Жаз», «Қыс», «Қарға мен түлкі», «Ғылым таппай мақтанба», А.Кабиева «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыса, ал қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Н.Тоқтаған Абай атамызға арнаған өз өлеңін паш етті. М.Бакубаева «Көзімнің қарасы» әнін қос тілде шырқап, шараға жиылған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Соңдай-ақ, оқушыларымыз «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Ғылым таппай мақтанба», «Жаз», «Қыс», «Әсемпаз болма әр неге», «Жазғытұры» өлеңдерін жарыса оқыды.
Шара соңында кітапханашы тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.