№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында «Экшенге толы шығармалар» тақырыбында іс-шара болып өтті.
Күн тәртібіне сай кітап көрме ұйымдастырылып, көрмеге қазақ жазушысы Б.Момышұлының «Из блокнота Бауыржана Момышұлы», «Екі томдық шығармалар жинағы», «Москва үшін шайқас» туындылары қойылды. Сонымен қатар, кітапханашы жазушының «Москва үшін шайқас» романына кеңінен тоқталып өтті. Одан әрі қатысушылар шығарманы талқылап, өзара пікір алмасты.