Құдайкөл ауылдық кітапхана қызметкері Астана күні қарсаңында «Астана - жас қала» тақырыбында іс-шара өткізді.
Аталмыш іс-шарада балалар Астана қаласының әсем ғимараттарын, сондай-ақ өздерінің ой-қиялынан туындаған суреттерді ақ қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар, салған суреттері жайында баяндап, елорда жайлы ойларымен бөлісті.