№4 қалалық кітапхана қызметкерлері №33 ЖОМ жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерь балаларының қатысуымен «Қала көшелеріне саяхат» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Шара шымылдығы кітапханашының балаларды қала күнімен құттықтау сөзімен ашылды. Кітапханашы қаламыздың қаланың құрылу тарихымен, өткенi мен бүгінгісіне тоқталып, өз қаласына адал қызмет еткен Екібастұздың құрметті азаматтары жайлы баяндап берді. Одан әрі Екібастұз қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ресми сайтын ашып, «Менің қалам, менің көшем...» атты интерактивті картамен таныстырды. Сондай-ақ, балалар өздері тұратын көшелер жайлы әңгімелеп, көшелері жайлы білетін мағлұматтарын жарыса айтты. Бұл әрине, көңілге қуаныш ұялатты. Одан әрі шара «Екібастұз – жастардың қаласы», «Зори Экибастуза» өлендерін оқуменен жалғасын тапты. Шара соңында балалар назарына «Менің сүйікті қалам» атты кітап көрмені ұсынып, көрмеге шолу жүргізді.