Орталық қалалық кітапханада 9 мамыр - Жеңіс күніне және Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ерлік сағаты болып өтті.
Іс-шараға ЕИTИ колледжінің студенттері қатысты.
Шара барысында ҰОС туралы жалпы деректерге тоқталып, Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі, ерлігі және соғыстан кейінгі еңбегі туралы слайд тізбектемелері мен бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар тақырыпқа сай әзірленген кітап көрмеге шолу жасалды.
Оқырмандар «Жеңімпаздар» атты кітапқа назар аударып, сонау сұрапыл соғысқа барып, ерлікпен соғысқан аталары жайлы мәліметтермен таныс болды.