Қарасу ауылдық кітапханасында Авиация және ғарыш күніне орай «Қияға самғар қос қыран» ойын сағаты болып өтті.
Шара барысында кітапхана қызметкері оқырмандарға алғашқы ғарыш сапары, ғарыш аймағына айналған Байқоңыр, аспан әлеміне ұшқан ғарышкерлер, оның ішінде Қазақстаннан ұшқан үш ғарышкерлеріміз жайлы ақпарат беріп өтті. Сондай-ақ, қатысушылар жасырылған жұмбақтарды шешіп, жаңылтпаштар айтып жарысты. Одан әрі шара сұрақ-жауап ойынымен жалғасты.
Қатысушылар ойынға аса белсенділікпен ат салысты.