Наурыз мейрамы қарсаңында Шідерті кентінің №8 кітапхана қызметкерлері «Армысың, әз Наурыз!» атты әдеби кеш өткізді.
Іс-шара кітапханашының құттықтау сөзімен басталды. Кітапханашы ежелгі Наурыз мерекесінің шығу тарихы жайында қысқаша мағлұмат беріп, күн тақырыбына сай жасақталған кітап көрмеге шолу жасады. Одан әрі қатысушылар «Тұсау кесу» дәстүрін сахналап, аталмыш дәстүрдің мағынасын ашып берді. Шара барысында әннен шашу шашылып, «Тұмар» би тобының бишілері би билеп, Әлен Сұмағұл дара домбырамен күмбірлете күй тартты. Іс-шара соңында Айжан апай барша қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ батасын беріп, елімізге, алысты-жақынды ағайынға амандық тіледі. Іс-шара осылайша көтеріңкі көңіл-күймен өз мәресіне жетті.