№4 қалалық кітапхана қызметкерлері ИнеУ Екібастұз Жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында «Ұлттық тәрбие - ұлағат көзі» атты танымдық сағат өткізді.
Шара барысында ежелгі ата-бабамыздың салт-дәстүрлері, даналық сөздері жайында мәлімет берілді. Көнеден келе жатқан ұлттық ойындардың тарихымен және оның мән-мағынасын тілге тиек етті. Ойынды бастамас бұрын қатысушылар «Қара жорға» биін билеп, бір сергіп алды. Одан әрі шара түрлі ойындар өткізумен ұласты. Сондай-ақ «Шашу» салты көрсетіліп, бата берілді.
Шара сонында кітапханашы «Наурыз – құт, береке бастауы» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасады.