«Туған өлкенің мұрасы» жобасы аясында орталық қалалық кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ерекше тұлғаның жарығы» атты портрет кеші болып өтті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шара барысында жазушының өмірбаянымен және шығармашылық жолымен таныстырылып, бейнебаян көрсетілді.
Жазушы, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайлау Байбосын Жүсіпбек Аймауытов жайында мәнді де құнды мәліметтермен бөлісті. Сондай-ақ, Ж.Аймауытовтың ұлы Бектұрдыны өз көзімен көрген жерлесіміз Н.Н.Нұрғалиева сол кездесу туралы айтып берді. Кештің сәнін келтіріп Естай атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы Тоғанұлы Қайрат «Әбікен Хасен», «Қоңыр» күйлерін домбыра аспабында орындап берді. №26 гимназия-мектебінің оқушысы Жазубай Нұрдәулет Ж.Аймауытовтың «Ұран», «Әскер марселезасы» өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып берді. Библиограф Ж.Сағындыкова күн тақырыбына сай әзірленген кітап көрмемен таныстырып өтті.
Іс-шара өте маңызды да құнды мағлұматтарға толы болды. Кеш Естай атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Фестиваль Нұрисламнің «Ақбұлақ» әнін орындаумен өз мәресіне жетті.