Орталық қалалық кітапханада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әже өнегесі» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге «Өнер» қалалық мәдениет сарайының көпті көрген көнекөз «Қамажай» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мүшелері арнайы шақырылды.
Шараға №26 гимназия-мектебінің оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.
Шара барысында осыдан отыз жыл бұрын қазақтың төл өнері мен салт-дәстүрді насихаттайтын «Қамажай» ансамблінің тарихы жайлы айтылып, қыз баланың құлақ тесу дәстүрі туралы бейнебаян көрсетілді. Одан әрі ансамбльдің жетекшісі Г.Каримоваға сөз берілді. Сондай-ақ, ансамбльдің мүшелері әже өнегесін тілге тиек етті. Оқушылар әжелерге көкейіндегі сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап алды. Іс-шара «Қамажай» ансамблінің халқымыздың әсем әндерін орындаумен өз мәресіне жетті.