Марғұлан ауылдық кітапханасының қызметкері балаларды кітап оқуға жастайынан баулу мақсатында «Балаларға базарлық» тақырыбында іс-шара өткізді.
Кітапханашы көздің жауын алатын түрлі қызықты кітаптармен таныстырды. Бүлдіршіндер түрлі түсті кітаптарды парақтап, таңқалыстарын жасыра алмай дән риза болды.