№4 қалалық кітапхана қызметкерлері ИнеУ Екібастұз Жоғары колледжінің студенттерінің қатысуымен ақын, ұлы ойшыл, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Түркі халықтарының ұлы ойшылы»тақырыбында рухани сағат шарасын өткізді.
Шара барысында кітапханашы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ғұмыр жолы, бай мұрасы жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, кітапханамыздың ресми сайтында іске қосылған «Ұлы ойшыл» атты веб-ресурсымен таныстырып, веб-ресурс жайында мағлұмат берді. Сонымен қатар студентер «Ағайын», «Мұса Шорманұлының жоқтауы», «Ғибраты әңгіме» шығармаларынан үзінді оқыды. Шара соңында тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.