Орталық қалалық кітапханада 24 қазан - Кітапханашылар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті.
Мерекелік шарада Екібастұз қаласының әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Медғат Жанайдарұлы Манапов Екібастұз қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашыларын құттықтап, кітапхана саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін қала әкімі орынбасарының Алғыс хатымен Марғұлан ауылдық кітапханасының кітапханашысы Эрке Бурш, Шиқылдақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Базарбаева Бибігүл Дүйсенқұлқызы, Төрт-Құдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Иманғазинова Орынтай Қапсабырықызы, Қарасор ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ниязбекова Жанат Байырқызы, №3 кітапхана-коммуникациялар орталығының кітапханашысы Назым Акказықызы Досымханова, №3 кітапхана-коммуникациялар орталығының библиографы Құспекова Айнагүл Базарқызы, №4 кітапхананың кітапханашысы Ерушева Ольга Ивановна, Орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы Сүлейменова Айымкүл Қалиқызы, Ракишева Татьяна Еркенқызы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Сейілханова Алтын Өндірісқызы, Үрпекова Айдын Сансызбайқызы, Шайхина Камшат Жарылғасынқызы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы Сағындыкова Гүлжанар Қайыркенқызы, Елубаева Айнұр Жұмагелдіқызы, сондай-ақ С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Шолпан Баянқызы Шахметованың Алғыс хатымен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы Жүнісова Теңдік Рымбайқызы, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Рүстембекова Айсұлу Солтанқызы марапатталды.
Кітапханамен тығыз байланыста жұмыс жасайтын «Атамұра» мәдениет орталығы осы қуанышты күнді бізбен бірге бөлісті.