Бүгін Қазақстан мен Ресей кітапханашыларының басын біріктірген халықаралық телемост болып өтті.
Бұл шараға Екібастұз қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысып, автоматтандыру және цифрландыру бөлімінің меңгерушісі Е.Щебетун «Экибастуз в цифровой памяти. Электронные ресурсы об Экибастузе» тақырыбында баяндама жасады. Екі елдің кітапханашылары өлкентану жайында құнды баяндамалар жасап, өзара тәжірибе алмасты.