Байет ауылдық кітапханасының қызметкері Тілдер күніне орай «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Интеллектуалды ойын орта буын сыныптарының оқушылары арасында өтті.
Қатысушылар «Достық» және «Бірлік» болып екі топқа бөлініп, бақтарын сынап сайысқа түсті. Әр кезең тапсырмалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, қазақ ақындарының тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қатысушылар түрлі тапсырмалар орындады. Жасырылған жұмбақтарды шешіп, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, өз білімдерін ортаға салды. Ойынның қорытындысына сай «Бірлік» тобы жеңіске жетті. Ойын тартысты және қызықты өтті.