Орталық қалалық кітапханада Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Үш тіл білу – заман талабы» тақырыбында дебаттық турнир болып өтті.
Бұл дебаттық турнирге №11 ЖОМ оқушылары қатысты. Тараптардың пікір сайысын Қ.Сәтбаев атындағы ЕИТИ колледжінің студенттері тамашалады.
Шара шымылдығы №11 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі және дебат көшбасшысы Т.Темірхановтың қатысушыларды Тілдер күнімен құттықтау сөзімен ашылып, бұл мерекенің тарихына, маңыздылығына тоқталып өтті. Қатысушылар екі топқа бөлініп, тақырыпқа сай өздерінің көзқарастарын білдірді. Сондай-ақ ортаға салған ой-пікірлерін нақты фактілермен дәлелдеп, сөз таластырды. Пікірталас тартысты өтті. Кітапханашы мемлекеттік тіл және өзге ұл өкілдерінің тілдерінің тарихы, дамуы туралы ақпарат беретін кітап көрмемен таныстырды. Шара соңында пікірталасқа қатысқан оқушылар марапатталды. Өткізілген шара қазақ тілін құрметтеуге, мемлекеттік тілді дамытуға атсалысуда, жастарға патриоттық тәрбие беруде және кітапқұмарлыққа баулуда маңызды шара болды.