Шиқылдақ ауылдық кітапханасында шыншыл, реалист ақын, жерлесіміз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Асқақ арманды ақын» атты әдеби портрет шарасы болып өтті.
Шара барысында кітапхана қызметкері С.Торайғыровтың өмір жолы жайлы мәлімет бере отыра, кітапханаға тиесілі ақынның кітаптарымен таныстырып өтті. Қатысушылар ақынның «Өмірімнің уәдесі» «Шәкірт ойы», «Мен тоқтадым», «Арманым» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.