№3 кітапхана - коммуникациялар орталығында елорда күніне орай «Арман қала – Астана» атты тарихи-ақпарат сағаты болып өтті.
Шара барысында кітапханашы бас қала жайында мәлімет беріп, Астананың көрікті жерлерін тілге тиек етті. Тақырыпқа сай дайындалған кітап көрме еліміздің жүрегі Астана жайлы құнды әдебиеттермен, тарихи суреттермен толықтырылды. Бұл көрмені шараға қатысқан балғын балалар тамашалады. Шара соңында балалар Астанаға барғанда, елорда әсемдігімен таң қалдырғанын айтып, Астана жайлы бар көрген-білгендерін ортаға салып, әсерлерімен бөлісті.